1.Жалпы ережелер

  1. Құрманғазы аудандық білім бөлімі жасөспірімдерді білім ісі және тәрбие саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің ведомостволары жоқ.
  3. Құрманғазы аудандық білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Құрманғазы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Құрманғазы аудандық білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Құрманғазы аудандық білім бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған әлеуметтік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Құрманғазы аудандық білім бөлімі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері 060400 Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С. Көшекбаев көшесі 25 үй, 1 қабат.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы ереже Құрманғазы аудандық білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Құрманғазы аудандық білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен және бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Құрманғазы аудандық білім бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзуге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті  бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2.Аудандық білім бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Аудандық білім бөлімінің миссиясы:

Бөлім жалпыға бірдей орта білім беру, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқушыларға мектептен тыс тәрбие беру істеріне басшылықты жүзеге асырады. Білім беру жүйесінің жағдайын Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы»  заңдары талаптары негізінде жүргізуге, оны одан әрі дамытуға, ауданның жалпы білім беретін мектептерінде және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерімен мектептен тыс мекемелерінде балалар мен жастарды оқытудың және тәрбиелеудің сапасына жауап береді.

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практикада жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға  және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалаптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқұқтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;  

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру.

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішіндегі кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланыс қамтаасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

11)  білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;

12) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау болып табылады;

13) жалпы білім беретін мектептердің, Ганюшкин мектеп жатақханасының, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептен тыс мекемелердің оқу-материалдық базасын нығайту;

  1. Құқықтары:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы жергілікті атқарушы органдар ұсынған білім берудің бағдарламаларын бекітеді, олардың орындалуы туралы есептерді тыңдайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқұқтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

3) балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

4) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

5) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

6) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын,орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстары мен шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

7) бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

8) балалар мен жасөспірімдердің психикалық-медициналық –педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

9) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

10) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

12) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

14) мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

15) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

16) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

17) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекітеді;  

18) Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқұғы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын,жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып,отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

19) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мекемелердің жарғыларын бекітеді және өзгерістер енгізеді.

20) мекеменің көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері:

-  қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру.

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу.

- біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына,банктерге ішкі істер  органдарына кәмелетке толмағанм балаларға мұраны рәсімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру.

- кәмелетке толмағандарғав меншік құқұғы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру.

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7жасқа дейін)  жастағы баларды кезекке қою.

-  мектепке дейінгі білім беру.

- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру.

- бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту.

- мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы (түзетілетін) бағдарламалар негізінде орта білім беру.

- балаларға қосымша білім беру.

-  шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау.

- жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну.

-  тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын ұсыну.

-  негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру.

 - кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультативтік көмек көрсету.

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) жетім баланы (жетім балаларды) асырауға қамқоршысына жәрдемақы тағайындау.

 

 

3.Аудандық білім бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшылықты Құрманғазы аудандық білім бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  басшы жүзеге асырады.
  2. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1)  жалпы басшылық;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет, облыс және аудан әкімдерінің нормативтік актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

3) білім беру ұйымдарының басшы кадрлерін іріктеу мен тағайындау;

4) аудан бойынша білім беруді дамыту мәселелері;

5) аудандық білім бөлімінің Кеңесіне басшылық;

6) білім мекемелерін қаржыландыру, бөлімнің қаржы-шаруашылық жұмыстарына басшылық;

7)  аудандық ата-аналар Кеңесі жұмысын үйлестіру;

8) Құрманғазы аудандық білім бөлімінің   басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;

 

 

4.Аудандық білім бөлімінің мүлкі

 

  1. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. Құрманғазы аудандық білім бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Құрманғазы аудандық білім бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5.Мемлекеттік мүлікті басқару

 

  1. Тиісті саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін ұарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
  2. Тиісті саласындағы коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және комуналдық мемелекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  3. Тиісті саладағы коммуналдық мемелекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырылып бекітеді;
  4. Тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
  5. Тиісті саладағы коммуналдық мемелекеттік мекемелерді жергілікті бюджетпен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
  6. Тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
  7. Қаржы басқармасы немесе аудандық қаржы бөлімдерінің келісімі бойынша коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

 

 

6.Аудандық білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Құрманғазы аудандық білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.