ӨМІРБАЯН

 

Мен, Кубаева Гульфара Утемисовна, 23.12.1962 жылы Гурьев (Атырау) облысы Теңіз (Құрманғазы) ауданы Приморье селосында дүниеге келдім.

 

1970 жылы Приморье селосындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына қабылданып,1978 жылы 8- ші сынып бітірдім. 1978 жылы Ганюшкино селосындағы М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің 9-шы сыныбына қабылданып, 1980 жылы 10-ы сыныпты бітірдім

.

1980- 1985 жылдары Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында оқыдым.

 

1985 жылы аталған оқу орнын «Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, Морской селосындағы К.Маркс атындағы мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа қабылдандым.

 

1985 – 1988 жылдары арасындамамандығым бойынша М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде, кейін Каспий сегіз жылдық мектебінде жұмыс жасадым.

 

1988-1992 жылдары арасында аудандық білім бөлімінде кітапхана қорының, кейін – орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша әдіскер болып жұмыс жасадым.

 

1992-2003 жылдары Ганюшкино мектеп интернатында оқу ісінің меңгерушісі болып қызметін атқардым, 2003 жылы – М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің  оқу ісінің меңгерушісі, 2003-2013 жылдары – Б.Бегалиев атындағы орта мектептің мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасадым.

 

2014-2017 жылдары арасында Б.Бегалиев атындағы орта мектебінің мектеп директоры қызметін атқардым.

 

2017 жылы сәуір айынан бастап аудандық білім бөлім басшысы болып жұмыс жасаймын.

 

Әкем- Кубаев Утемис Гурьев облысы Теңіз ауданы Дыңғызыл селосында 1924 жылы дүниеге келіп, 1998 жылы дүниеден өтті.

 

Анам – Сарсеева Кулшат гурьев облысы Теңіз ауданы Дыңғызыл  селосында 1925 жылы дүниеге келіп, 2004 жылы дүниеден өтті.

 

Жанұялық жағдайым: отбасын құрмаған.

 

Тұрақты мекен – жайым: Атырау облысы ,Құрманғазы ауданы, Ганюшкино  ауылы, Нажмеденов көшесі, 21 үй.

 

 

Біліктілік арттыру  курсы:

 

2013 жылы - Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курстар

 

2017 жылы – ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсы .

 

 

Жетістігі:

 

1996 жылы – Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі»

 

2004 жылы - Облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасы»