Название Скачать
1 Анықтама

 

«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ білім беру басқармасының  ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕсіНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

І. Кіріспе

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім)- бөлім басшысы басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

 

Бөлім Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

 

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-5; азаматтық қызметшілер саны-20. Олар: 5 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және сектор меңгерушісі, 3 бас маман) мен 2 штаттан тыс қызметкер (іс жүргізуші, автокөлік жүргізушісі) бөлімнің әдістемелік кабинетінде 14 қызметкер (1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 12 әдіскер, 1 хатшы) мен бухгальтериясында 6 қызметкер (1 бас есепші, 5 есепші) барлығы 27 қызметкер жұмыс істейді.

 

Бөлімге қарасты 3 бастауыш, 3 негізгі орта, 27 жалпы орта, барлығы  33 мектеп, 23 балабақша, 7 мектептен тыс мекеме, оның 5-уі қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасауда.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

 

Бөлімдегі және бөлімге қарасты мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

 

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі 25 үй, тел.: 8(71233) 2-04-00 эл.поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

 

Басталды: 05 қаңтар 2021 жыл, аяқталды: 08 қаңтар 2021 жыл.

  1. Бақыланатын кезең: 2020 жылдың 01 шілде мен 2020 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы       26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы   №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының  2020 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2020 жылдың 31 желтоқсан күнгі №830 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылды.

 

1) 2020 жылдың 01 шілде - 31 желтоқсан  аралығында білім бөлімінде қабылданған құқықтық акті саны: барлығы 362 бұйрық берілген. Бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

 

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

 

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі.  2020 жылдың        6 айында: 5 жалпы орта, 3 балабақшаға конкурс жарияланылды. Екі мектеп (Шортанбай, Манаев) директоры тағайындалды.

 

3) Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы үнемі бақылауда.

 

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

 

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ.

 

Мемлекеттік қызметшілерге 2020 жылдың соңғы 6 айында бөлімнен  тәртіптік жаза алғандар болған жоқ.

 

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, артық жұмыс атқару фактілерін түбегейлі жою мақсатымен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселенің орындалысы қатаң бақылануда.

 

4) Бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

 

2020 жылы: 11 мектепке IT кабинетін сатып алуға 37 206,4 мың тенге, 1 мектепке биология кабинетін сатып алуға 3 400,0 мың теңге, оқулық және  әдістемелік құралдармен қамтуға 105 615,0 мың қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді.

 

Елдегі карантин жағдайына байланысты  санитарлық- эпидемиологиялық ахуалды сақтау мақсатында дизенфекциялық құралдар алуға 23 879,5 мың теңге қаржы бөлінді.

 

2020 жылы білім саласы бойынша 7 788,4 мың тенге қаржы жоспарланып, 7 787,6 мың теңгесі игеріліп, бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілу көрсеткіші  99,99 пайыз болды.

 

5) Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2020 жылының 01 шілде - 31 желтоқсан аралығында аудан көлеміндегі білім беру мекемелерінде 25 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша аудан тұрғындарына барлығы 33875 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтің  ақпараттық жүйелер арқылы 4, мемлекеттік корпорация арқылы 5, «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 10, қағаз түрінде 6 қызмет көрсетіледі.

 

Әлеуметтік желілерде Құрманғазы ауданы әкімдігінің фейсбук, kurmangazy_akimat инстаграмм парақшаларында білім саласы бойынша аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәсілін үйрететін бейнероликтер жарияланды.

 

Бөлімге 2020 жылдың 01 шілде - 31 желтоқсан  аралығында барлығы 21 өтініш түсті. Оның 5 жеке тұлғалардан, 16 заңды тұлғалардан. Оның 6-ы қанағаттандырылып, 15-не түсінік жұмыстары жүргізілді. Бөлімге түскен өтініштерге мерзімінде жауаптары беріліп, орындалды.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында стенд жасақталып, ілінген.

 

Білім бөлімінің дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Сонымен бірге, «Мақсатымыз - жемқорлыққа тосқауыл қою» тақырыбында жадынамалар үшін жаңадан арнайы стенд жасақталды. Бөлімнің ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған.

 

«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында барлық білім беру ұйымдарында 2020 жылдың  қараша айында  сынып сағаттары өткізіліп, қорытындыланды.

 

Облыстық білім беру басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен облыста өткен «парасатты отбасы байқауына Қиғаш, Алтынсарин, Гагарин атындағы жалпы  орта мектептерінен  3 отбасы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. 

 

Қоғамда парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру, білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу мақсатында ұйымдастырылған «Парасатты мектеп басшысы» облыстық байқауында Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ж.Хасанова  жүлделі ІІ орын иеленді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ақпараттық стендтер мен 33 мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрыштары барлық білім беру мекемелерінде дайындалып, жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

 

Сонымен бірге, барлық білім беру ұйымдарында «сенім жәшігі» мен «сенім телефондары» жұмыс жасайды.

 

 ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1)  Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)   Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Е.Баяров- бөлімнің сектор меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)2-08-89.

 

Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

  1. Аудан прокуратурасының 2019 жылы және ағымдағы жылдың өткен мерізімінде аудандық білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне міндетті медициналық қарап-тексеру кезіндегі заңдылықтардың сақталуына талдау жүргізуі барысында анықталған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлға ретінде «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинет әдіскері К.Керешоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №263 15.06.2020 ж.)
  2. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарында сараптамалық талдау іс-шарасы қорытындысымен қаржылық бұзушылықтар жол берген «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Т.Медеуғалиеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №311 29.07.2020 ж.)
  3. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарында сараптамалық талдау іс-шарасы қорытындысымен қаржылық бұзушылықтар жол берген «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Лабай жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Х.Ахмалиеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №312 29.07.2020 ж.)
  4. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарында сараптамалық талдау іс-шарасы қорытындысымен қаржылық бұзушылықтар жол берген «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Р.Хасантаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №313 29.07.2020 ж.)
  5. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарында сараптамалық талдау іс-шарасы қорытындысымен қаржылық бұзушылықтар жол берген «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Хилауоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №314 29.07.2020 ж.)
  6. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарында сараптамалық талдау іс-шарасы қорытындысымен қаржылық бұзушылықтар жол берген «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Б.Утегуловаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №344 5.08.2020 ж.)
  7. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарында сараптамалық талдау іс-шарасы қорытындысымен қаржылық бұзушылықтар жол берген «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі М.Керееваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №345 5.08.2020 ж.)
  8. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындысымен қаржылық бұзушылықтарға жол берген «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өркен» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Г.Койшигуловаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №410 18.09.2020 ж.)
  9. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шалғай елді мекендерде тұратын балаларды мектепке тасымалдаудың тоқтап қалуына жол бергені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы М.Қибашевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №439 9.10.2020 ж.)
  10. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есепшісі Қ.Габбасов жұмыс уақытында жұмыста болмай, кешігіп келу фактілеріне қайталама жол беріп, тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін Қ.Габбасовқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық № 467 26.10.2020 ж.)
  11. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы М.Қибашев метктептің оқу-тәрбие жұмыстарын босаңсытып алғаны үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы М.Қибашевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (Бұйрық №519 4.12.2020 ж.)
  12. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Панфилов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Хилауова ұжымдық педагогикалық ахуалды төмендетіп, оқу-тәрбие жұмысын босаңсытып, берілген тапсырмаларды уақытылы орындамағаны үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Хилауоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрқы№523 8.12.2020 ж.)
  13. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жұмыстарын, құжаттардың көшірмелерін зерделеуге уақытылы ұсынбай, жұмыстың орындалуына кедергі келтіргені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Ш.Кабиевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №539 23.12.2020 ж.)
  14. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Лабай жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жұмыстарын, құжаттардың көшірмелерін зерделеуге уақытылы ұсынбай, жұмыстың орындалуына кедергі келтіргені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Х.Акмалиеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №540 23.12.2020 ж.)
  15. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Батырбек батауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жұмыстарын, құжаттардың көшірмелерін зерделеуге уақытылы ұсынбай, жұмыстың орындалуына кедергі келтіргені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Батырбек батауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Есенбаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №541 23.12.2020 ж.)
  16. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Азғыр негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жұмыстарын, құжаттардың көшірмелерін зерделеуге уақытылы ұсынбай, жұмыстың орындалуына кедергі келтіргені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Азғыр негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры С.Муканалиевке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №542 23.12.2020 ж.)
  17. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қоңыртерек бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жұмыстарын, құжаттардың көшірмелерін зерделеуге уақытылы ұсынбай, жұмыстың орындалуына кедергі келтіргені үшін «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қоңыртерек бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Ералиеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. (бұйрық №545 23.12.2020 ж.)

 

ІІІ. Қортынды:

 

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. ____________Е.Баяров- бөлімнің сектор меңгерушісі, жұмыс тобының жетекшісі
  2. ____________Т.Қайыров-   бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы

 

 


 

Мектепке дейінгі тәрбие

 

Қосымша білім беру ұйымдары