«Тиімді кері байланыс орнату: жаңартылған білім мазмұнын сапалы меңгерту кепілі» тақырыбындағы жаңартылған білім мазмұны аясындағы облыстық форум аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 17 қазан күні Құрманғазы ауданында Абай атындағы жалпы орта мектебінің базасында өткізілді.

 

Форум барысында аудан мектептерінің мұғалімдері мен басшылары тәжірибе алмасу мақсатында шығармашылық жұмыстарымен бірге коучинг, тренинг, шеберлік сыныптар мен ашық сабақтар көрсетті. Абай орта мектебінің тәжірибелі мұғалімдері, мектеп көшбасшылары ,оқу ісінің орынбасарлары мен жас мамандары нәтижеге бағытталған тың жұмыстарды насихаттап, үлгілерін ортаға салды.

 

Форум аясында облыстық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Кұсайынова Айгүл Кенжеғалиқызы негізгі міндетті ұсыныстарды,келелі түйінді айтып қорытындылады.

 

Облыстық форум қорытындысымен аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.Хасанова, бөлім әдіскерлері А.Арыстанова мен Ж.Шайхиев және педагог қызметкерлер облыстық әдістемелік орталықтың Алғыс хаттарымен марапатталды.