06-02-2019

 

2019 жылдың 18-25 қаңтар күндері Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты, Абай, Имашев, Ломоносов атындағы жалпы орта мектептері мен Ақкөл жалпы орта мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында бастауыш сынып пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбы бойынша облыстық деңгейде аудандық әдістемелік оқыту семинары өткізілді. Әдістемелік семинарға «Педагогикалық шеберлік орталығынан»  Тажигалиева Алтыншаш сагиқызы қатысса, аудандық білім бөлімінің әдіскері Жетек Шапағатұлы семинардың ашылу салтанатында кіріспе сөзін сөйлеп, семинардың мақсатымен таныстырды. Семинардың мақсаты:

 

-Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру қарсаңында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби өсуіне қолдау көрсету;

 

-Мұғалімдерді жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдермен таныстыру, тәжірибе бөлісу болды.

 

Күтілетін нәтиже:

 

-Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдермен; тиімді сабақ жоспарлау,пәндердің ерекшеліктерін айқындау, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, рефлексия арқылы сабақты жетілдіру мазмұны туралы тәжірибемен танысып, түсінді;

 

Семинар барысында төрт мектептің бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.

 

Сабақта оқытудың заманауи талаптары сақталған, әртүрлі әдістемелік материалдар, интерактивті әдістер, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға тапсырмалар, аудио және видео материалдар қолданылды.


Күтілетін нәтижелер: 


- қатысушылар оқытудың интерактивті әдістерінің ерекшеліктері туралы білім алады, ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету және комуникативтік дағдыларды дамыту үшін қазіргі заманғы технологияларды түсінуді және қолдануды үйренеді;

 

-Коучингтер жүргізу арқылы оқытудың белсенді түрлерінен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарымен танысты.

 

- Мұғалімдер оқу үдерісіне оқытудың интерактивті әдістерін енгізу бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін бағыт пен қолдау алды. Оқушылардың шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша тәжірибе алмасты;


- Курстан кейінгі кезеңде жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдер мен жаттықтырушылардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығының жолдары айқындалатын болады.

 

Қорытындысында мұғалімдер «Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында бастауыш сынып пәндерін оқыту ерекшеліктеріне талдау жұмыстарын жүргізді;

 

Мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолдануға керекті білім, әдіс-тәсілдерді үйреніп, тәжірибе алмасып, өткізілген сабақтар талданды. Мұғалімдер семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы тілектерін арнады. Семинар соңында бөлім әдіскері Ж.Шайхиев кері байланыс жасап,қорытындылай отырып, Абай, Имашев, Ломоносов атындағы жалпы орта мектептері мен Ақкөл жалпы орта мектебінен әдістемелік семинарда шығармашылық ізденістерімен ерекшеленген мұғалімдерге облыстық педагогикалық шеберлік орталығының «Алғыс хатын» табыс етті.