Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 23 қаңтар күні Ю.Гагарин атындағы  жалпы орта мектебінің базасында аудандық физика пәні мұғалімдерінің «Жаңартылған білім: теорияны тәжірибе арқылы меңгерту» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

 

Семинардың мақсаты: білім мазмұның жаңарту жағдайында оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.

 

Міндеттері: Жас мұғалімдерге жаңартылған білім беру жағдайында сабақтарды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу. Жаңартылған білім беру жағдайында жұмыс жасау үшін мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

 

Аудан мектептерінен семинарға  22 физика пәні мұғалімдері қатысты.Семинар жұмысы барысында Әуезов, Алтынсарин, Сәрсенбаев, Нұрпейісова, Энгельс, Манаев, Нұржау, Гагарин атындағы жалпы орта мектептің физика пәні мұғалімдері ашық сабақтар, «Мектептегі білім беру үдерісіне робототехниканы енгізу-заман  талабы» тақырыбында үйірме жұмысы, тәжірибелі мұғалімдердің әдістемелік-практикалық  негіздегі іс-тәжірибелік жұмыстары, сабақтарды талдау әдістері мен коучинг ұйымдастырылып қорытындыланды.Әдістемелік семинар барысында шығармашылық ізденістерімен ерекшеленген мұғалімдерге аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаты» табыс етілді.