Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен С. Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде 27 тамыз күні "BILIM JÁNE ǴYLYM" тақырыбында дәстүрлі білім беру қызметкерлерінің тамыз форумы өтті.

Форумға аудан әкімі Нұртаев Қайрат Талапұлы, облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Қайырлиева Алмагүл Бахқызы, білім саласының қызметкерлері, ардагерлер, округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Форум барысында жыл қорытындысымен рейтинг бойынша үздік деп танылған білім беру ұйымдары және қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің және облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Форум барысында бөлім басшысы Кубаева Гүлфара Өтемісқызы өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа 2019-2020 оқу жылына арналған ұсыныстар мен алға қойылып отырған мақсаттармен таныстырды.