2020 жылы 14 ақпан күні Құрманғазы аудандық білім бөлімінің кеңейтілген кеңесі Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің базасында өтті. Кеңейтілген кеңеске мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, ұстаздар, барлығы үш жүзге жуық педагог қызметкерлер қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:


1. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру жолдары. (АББ басшысы Г.Кубаева)
2. ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі мектепке дейінгі және орта білім беружүйесінің негізгі басым бағыттары. (АББ әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.Хасанова)
3.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары
(Ломоносов мектебінің директоры Т. Ажғалиева)
Кеңесте «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының жүзеге асырылу жолдары талқыланды. ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және осы бағдарлама шеңберіндегі ауданның мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары таныстырылды.
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Т. Ажғалиева оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында өз іс-тәжірбиесімен бөлісті.