1. Балабақшаға баланы кезекке қою үшін:
  • https://indigo-kurmangazy-atyrau.e-orda.kz сайтына кіру керек. Сайтқа тіркелген барлық балабақшалардың паспорттарымен танысып, ыңғайлы балабақшаны таңдауыңызға болады. Жүйеде жалпы балабақша туралы барлық мәлімет, балалар саны, топтар саны, жасы бойынша бос орын саны, қызметкерлердің саны барлығы көрсетілген. 

https://indigo-kurmangazy-atyrau.e-orda.kz сайтына кіру арқылы  баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді.

  1. «Кезекке тұру» деген сілтеме арқылы өтіп, балабақшаға орналасу үшін баланы ЖСН-і арқылы кезекке тіркеп қояды. Тіркеу кезінде балаға тиесілі мәліметтерді толтырып, ата-ананың екі телефон номері мен электронды поштасын қалдыруы тиіс. Көрсетілген электронды пош­таға және телефон нөміріне кезектің келгендігі туралы хабарлама жіберіледі. Бұл өз кезегінде ата - ана мен білім беру ұйымдары үшін тиімді.Тіркеп болған соң, қажетті балабақшадан бос орын ашылған жағдайда мәлімет алу үшін «хабарлама алу» тетігінен балабақшаны таңдауды ұмытпаңыз.
  2. Кезектегі өтініштер:

      1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес және "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының                            78-бабының 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде;

      2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының                              12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларының;

  • заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың;
  • ерекше білім беруді қажет ететін балалардың;
  • мүгедек баласы бар отбасындағы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде;

      3) өтініштің жеңілдік мәртебесі өзгергенде;

      4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда;

      5) жолдама берілгенде;

      6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда;

      7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады.

  1. Кезектердегі өтініштер әрбір топтың ішінде бір-біріне қатысты өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.

      Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердің алдына қойылады.

      Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердің арасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді, яғни (басымдығы бар өтініш (бірінші кезекте құқығы) жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады.

  1. Өтініш берушінің, баланың жеке басын куәландыратын, заңды өкілдің, бала мен өтініш берушінің арасындағы құқықтарының болуын растайтын барлық ақпаратты, мектепке дейінгі ұйымға орын алудың кезектен тыс немесе бірінші кезекті орын алуға құқығын растайтын ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші басқа тәртіпті белгілмеген жағдайда кезекке қоюға жаңа өтініш тіркелген сәтте және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама алғаннан кейін екі рет тексереді және растайды.

      Бұл жағдайда өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге тексеру үшін тексерілетін құжаттардың түпнұсқаларын тіркеуге өтініш жіберген немесе қабылдауға жолдама алған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуы тиіс. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың дұрыстығын олар ұсынылған сәттен бастап 30 минуттан кешіктірмей, яғни кезекке тұру тәртібімен растауы тиіс. Тек құжаттар расталғаннан кейін өтініш кезекте тіркеледі, өз кезектілігін алады, ал жолдама бойынша қабылдауға бөлінген кезеңді есептеу басталады және ол мектепке дейінгі ұйымға қолжетімді болады.

 

6.Кезекте тұрған баланың кезегін қарау үшін:

  1. «Кезекті тексеру және жолдама алу» сілтемесіне өтіп, балаңыздың ЖСН-і арқылы кезегіңізді тексеруге болады. «Жолдама алу» тетігін басу арқылы, әрі қарай ережелермен келісе отырып, дәл сол уақыттағы қай балабақшада Сіздің балаңыздың жасына сәйкес бос орын бар екенін көре аласыз. Бірнеше балабқшаның ішінен өзіңізге керегін таңдап, жолдаманы алу үшін өтініште көрсеткен телефон нөмеріңізді енгізуіңіз керек.
  2. Егер, Сізге электронды поштаға немесе телефонға кезегіңіздің келгендігі жөнінде хабарлама келіп тұрса, сайтқа кіріп жолдамаңызды шығарып алуыңызға болады.

 

Есте сақтаңыз!!!

Егер балабақшада  мысалы, 5 орын босаған жағдайда, босаған орын санына қарай кезектің басында тұрған, сол балабақшаны таңдаған  5 ата-анаға хабарлама жіберіледі. Егер сол ата-аналар 3 күн мерзімде жолдамасын алып үлгермесе, сол балабақшада жасына сәйкес кезекте тұрған ата-аналардың барлығына да жолдама алу мүмкіндігі туады. Сондықтан, егер Сізге кезегіңіз келгендігі жөнінде хабарлама келсе, міндетті түрде 3 күннен  кешіктірмей балабақшаға жолдаманы шығарып алып, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей балабақшаға барып жолдаманы тіркету керек. Ата-аналар балабақшаға алған жолдаманы 5 жұмыс күн ішінде тіркемесе, жолдаманың күші жойылады. Ешбір балабақша да, білім бөлімі де ата-ананың өзі жолдама алмайынша, балабақшаға баланы орналастыра алмайды.

Егер кезегіңіз артқа шегініп кетті деп ойласаңыз?

      -Сіз бұрыннан кезекке тұрған кезде, әр балабақшаға бөлек кезек болған болатын, қазіргі жүйеде, аудан бойынша барлық ата-ана өтініш берген уақытына(секундына дейін) және баланың жасына қарай бір кезекке кіріктірілген. 

        Сұрақтарыңыз болса, қосымша ақпаратты 21539, 20499 телефондарына хабарласып, сұрауға болады.      

 

Атырау облысы Білім беру басқармасының

Құрманғазы ауданы білім бөлімі