Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Айгерім» балабақшасы», «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы, «Гаухар» балабақшасы және «Айжан» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшыларының (меңгерушілері) бос лауазымдық қызметтері орнына конкурс жариялайды.

  1. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгерім» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты  Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда  ауылдық округының Котяевка елді мекенінде  Құрманғазы көшесі-51   орналасқан. Байланыс телефоны   8(71-233) 6-14-81
  2. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бүлдіршін» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты   Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылдық округының Балқұдық ауылы елді мекенінде  орналасқан. Байланыс телефоны   8(71-259)-41-5-79
  3. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гаухар» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты   Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округының Нұржау  ауылы елді мекенінде Ж.Нығметов көшесі-7 үй   орналасқан. Байланыс телефоны   8(71-233)-3-84-20
  4. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айжан» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты   Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дынгызыл ауылдық округының Жыланды ауылы елді мекенінде Әлімгерей Ысмағұлов көшесі-20 үй   орналасқан. Байланыс телефоны   8(71-233)-3-93-77
  5. Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етуді үйлестіру мен оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасалуына бақылау жасау.
  6. Лауазымдық жалақылары (еңбек өтіліне байланысты) 107796 теңгеден - 130670  теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеті: Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.


Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.


Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.


Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы»«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.


Біліктілікке қойылатын талаптар:


- жоғары педагогикалық білімінің болуы


- біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;


- мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жылдан кем болмауы тиіс.


Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғаның  конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде ұсынатын құжаттары:

  1. Еркін нысанда жазылған конкурсқа қатысу туралы өтініші (мекен жайы, байланыс телефондарын көрсету),
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат негізінде толтырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білім туралы құжат көшірмесі;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі; (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушының ұсынатын құжаттары нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадрлық қызметпен куәландырылған болуы қажет.


Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.


Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан күннен күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекен-жайда жүргізіледі:  Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі, 25  телефон: 8(71233)2-11-39


Конкурсқа қатысушыларға Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу шарасы әр балабақша базасында өткізіледі.


Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде өткізіледі.