ХАБАРЛАНДЫРУ

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Азғыр негізгі орта мектебі», «М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі» мен «Абай атындағы жалпы орта мектебі» «Сүйіндік жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелер  директорларының  бос лауазымдық қызметі орнына конкурс жариялайды.

  1. «Азғыр негізгі орта мектебі» ғимараты Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Азғыр ауылдық округының Азғыр ауылы елді мекенінде   Г.Құрманғалиев көшесі- 5 үйде орналасқан. Байланыс тел:  8(71-259)-5-68-62
  2. «М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі» ғимараты 060400, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы елді мекенінде Халит Испулаев көшесі- 54 үйде орналасқан. Байланыс тел:  8(71-233)-2-15-11
  3. «Абай атындағы жалпы орта мектебі» ғимараты 060400, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы елді мекенінде   Халит Испулаев көшесі- 54 үйде орналасқан. Байланыс тел:  8(71-233)-2-14-03
  4. «Сүйіндік жалпы орта мектебі» ғимараты 060413, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округы, Сүйіндік ауылы елді мекенінде Абай көшесі- 1 үйде орналасқан. Байланыс тел:  8(71-259)-5-12-34.
  5. 5. Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруды ұйымдастыру мен мектеп оқушыларының білім алуына қажетті жағдайлар жасалуы мен білім сапасы деңгейін бақылау.
  6. Лауазымдық жалақылары (еңбек өтіліне байланысты) 113393 теңгеден - 137483 теңгеге дейін, негізгі, шағын жинақты мектептер үшін 107796 теңгеден -            130670  теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеті

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

         Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін   қойылатын талаптар:

1) жоғары ( немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімінің болуы

2)  бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда)

3)  педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің  кемінде 1 жыл болуы шарт, шағын жинақты мектептер үшін  педагогикалық жұмыс өтілінің үш жылдан кем болмауы, басқарушылық қызметтегі жұмыс өтілі талап етілмейді.

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшысының атына жазылған өтініш (конкурсқа қатысушы жеке тұлғаның тіркелген мекен жайы, тұрақты мекен жайы байланыс телефондарын көрсету);

2) Жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3) Білімі туралы құжат көшірмесі;

4)   Еңбек өтілін растаушы құжат көшірмесі;

5)  кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ фотосымен (3х4);

6)  Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан қызметтік мінездеме;

7)  Өзінде бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат (болған жағдайда) көшірмесі;

8)  Медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат 

9)  Сотты болмағандығы туралы  анықтама.

10) Мектепті перспективті дамыту жоспары

Конкурсқа қатысушының ұсынатын құжаттары нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадрлық қызметпен куәландырылған болуы қажет.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан күннен 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайда жүргізіледі:  Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі, 25 телефон:    8(71233)2-11-39   электрондық пошта   Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Конкурсқа қатысушыларға Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу шарасы конкурс жарияланған мектептер  базасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде өткізіледі.