Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  қосымша білім беру мекемесі директорының  бос лауазымдық қызметі орнына конкурс жариялайды.

  1. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекеме ғимараты Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округының Құрманғазы ауылы елді мекенінде,   Халит Испулаев көшесі- 59 үйде  орналасқан. Байланыс телефоны: 8(71-233) 2-16-59, 
  2. Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Оқушылардың дене дамуын нығайту мен жан-жақты дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру қызметін жүзеге асыру. Аудан мектептері оқушылары арасындағы аудандық білім беру бөлімімен бекітілген жоспардағы спорттық-бұқаралық іс-шараларды үш кезеңде: мектепішілік, аймақтық, аудандық ұйымдастыруда басшылық беру мен үйлестіру, Балаларды спорттық, әскери-патриоттық бағыттағы түрлі үйірмелерге тарту арқылы денсаулығын нығайту мен салауаттылыққа балу жұмыстарын және қолданбалы спорт түрлерін дамыту (авиамоделдік, кемемоделі, картинг, т.б.) қосымша білім беру саласының жұмыстарын үйлестіру.
  3. Лауазымдық жалақылары (еңбек өтіліне байланысты) 113394 теңгеден – 137483 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеті:

      Лауазымдық міндеттері: Қосымша білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметін ұйымдастыру мен салауатты өмір салтын ұстануға, патриотизмге, азаматтыққа баулуды дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша аудан мектептерімен жұмысты мен өзара әрекетін ұйымдастырады.

      Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

      Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

      Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
      Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

         Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы»«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін   қойылатын талаптар:

1) жоғары ( немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімінің болуы

2)  бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда)

3)  педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің  кемінде 1 жыл болуы шарт,

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшысының атына жазылған өтініш (конкурсқа қатысушы жеке тұлғаның тіркелген мекен жайы, тұрақты мекен жайы байланыс телефондарын көрсету);

2) Жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3) Білімі туралы құжат көшірмесі;

4) Еңбек өтілін растаушы құжат көшірмесі;

5)  кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ фотосымен (3х4);

6)  Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан қызметтік мінездеме;

7)  Өзінде бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат (болған жағдайда) көшірмесі;

8)  Медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат 

9)  Сотты болмағандығы туралы  анықтама.

10) Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубын  перспективті дамыту жоспары

Конкурсқа қатысушының ұсынатын құжаттары нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадрлық қызметпен куәландырылған болуы қажет.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан күннен 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайда жүргізіледі:  Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі, 25 телефон:    8(71233)2-11-39  электрондық пошта   Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Конкурсқа қатысушыларға Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу шарасы Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы базасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде өткізіледі.