Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Азғыр негізгі орта мектебі», «Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі», «Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебі», «Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелер  директорларының  бос лауазымдық қызметі орнына конкурс жариялайды.

  1. «Азғыр негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Азғыр ауылдық округының Азғыр ауылы елді мекенінде Г.Құрманғалиев көшесі – 5 үйде орналасқан. Байланыс тел: 8(71-259)-5-68-62
  2. «Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Ұштаған ауылы елді мекенінде Қ.Рыскулбеков көшесі – 9 үйде орналасқан. Байланыс тел: 8(71-233)-7-21-44
  3. «Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Орлы ауылдық округының Орлы ауылы елді мекенінде Н.Манаев көшесі – 11 үйде орналасқан. Байланыс тел: 8(71-233)-3-54-02
  4. «Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылдық округының Кудряшов ауылы елді мекенінде Бейбітшілік көшесі – 1А үйде орналасқан. Байланыс тел: 8(71-233)-5-50-16
  5. Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруды ұйымдастыру мен мектеп оқушыларының білім алуына қажетті жағдайлар жасалуы мен білім сапасы деңгейін бақылау.
  6. Лауазымдық жалақылары (еңбек өтіліне байланысты) 124830 теңгеден - 151354 теңгеге дейін, негізгі, шағын жинақты мектептер үшін 118260 теңгеден -            143810  теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ педагогика, психология негіздерін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларын білуге

Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін   қойылатын талаптар:

1) жоғары ( немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімінің болуы.

2) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) кәсіби құзіреттілігінің болуы: педагог-сарапшыға, педагог-зерттеушіге, педагог-шеберге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы (мемлекеттік қызметшіні, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

3) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл, шағын жинақты мектептер үшін басшылық лауазымдағы жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз, кемінде 3 жыл педагогикалық жұмыс өтілі,

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) Жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан күннен 7 жұмыс күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Атырау облысы бойынша  филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы аудандық бөлімі арқылы  (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Х.Испуллаев көшесі, 66-А телефон: 8(71233)2-05-13   электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) Құрманғазы аудандық білім бөлімінде жүргізіледі: Мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі, 25  телефон: 8(71233)2-11-39 

Конкурсқа қатысушыларға Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу шарасы конкурс жарияланған мектептер  базасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде өткізіледі.