Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Айгерім» бөбекжай балабақшасы», «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы, «Гаухар» бөбекжай балабақшасы және «Айжан» бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшыларының (меңгерушілері) бос лауазымдық қызметтері орнына конкурс жариялайды.

  1. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгерім» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты  Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда  ауылдық округының Котяевка елді мекенінде  Құрманғазы көшесі-51   орналасқан. Байланыс телефоны   8(71-233)-6-14-81
  2. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты   Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылдық округының Балқұдық ауылы елді мекенінде  орналасқан. Байланыс телефоны   8(71-259)-41-5-79
  3. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гаухар» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты   Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округының Нұржау  ауылы елді мекенінде Ж.Нығметов көшесі-7 үй   орналасқан. Байланыс телефоны         8(71-233)-3-84-20
  4. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айжан» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимараты   Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дынгызыл ауылдық округының Жыланды ауылы елді мекенінде Әлімгерей Ысмағұлов көшесі-20 үй   орналасқан. Байланыс телефоны   8(71-233)-3-93-77
  5. Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етуді үйлестіру мен оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасалуына бақылау жасау.
  6. Лауазымдық жалақылары (еңбек өтіліне байланысты) 118260 теңгеден - 143810  теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеті:     Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін   қойылатын талаптар:

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімінің болуы

2) біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;

3)  мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: 3 жылдан кем болмауы тиіс.

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) Жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) Балабақшаны дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан күннен 7 жұмыс күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Атырау облысы бойынша  филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Құрманғазы аудандық бөлімі арқылы  (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Х.Испуллаев көшесі, 66-А телефон: 8(71233)2-05-13   электронды пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) Құрманғазы аудандық білім бөлімінде жүргізіледі: Мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі, 25  телефон: 8(71233)2-11-39 

Конкурсқа қатысушыларға Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу шарасы конкурс жарияланған мектептер  базасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде өткізіледі.