2021 жылдың 19 наурыз күні мектеп директорының әдістемелік және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Инновациялық қызмет - сапалы білім беру ортасы» тақырыбында вебинар өтті. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын  оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлардың инновациялық бастамаларына қолдау көрсету және тиімді тәжірибелермен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған вебинар жұмысына  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Мукушева Шуга  Кайрушевна, екінші санатты басшының орынбасары, (Қадыр Мырза Әли атындағы ЖОМ),  Шияпова  Кымбат, үшінші санатты басшының орынбасары, (Ю.А.Гагарин  атындағы ЖОМ)  сапалы білім беру ортасын құру бағытындағы мектеп тәжірибесімен: краудсорсинг,  жобалық жұмыстарымен  бөлісті. Вебинар жұмысын әдістемелік кабинет меңгерушісі Т.М.Бахтыгереева қорытындылап, аталмыш тақырыпта тәжірибе алмасу жұмысы жалғасын табатындығын атап өтті.