«Инновациялық қызмет-сапалы білім беру ортасы»

 

2021 жылдың 2сәуір күні мектеп директорының  әдістемелік және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арасында  кезекті вебинар өтті.

Спикерлер: Б.Т.Утегенова, бірінші санатты басшының орынбасары, Абай атындағы жалпы орта мектебі директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесіне анализ жасап, «Мұғалімдердің даму траекториясын оқу-әдістемелік жұмыс қалай дамытады?»-  деген  сұрақ төңірегінде  топтық талқылау,  кәсіби сұхбат ұйымдастырды. Топтық жұмысқа қатысушылар тиімді сабақ алгоритмі, әдістемелік жұмыстың табыс формуласы және мұғалімнің сабақ жоспарына кері байланыс беру бойынша талқылау жүргізіп, ой түйіндеп, пікірлерін білдірді. Топтардың жұмысын қорытындылай  отырып,  Б.Т.Утегенова инновациялық қызметтің табыс формуласын: кәсіби диалог,өзара қолдау, ынталандыру, үздіксіз біліктілікті арттыру үдерісі, кері байланыс, бірлескен жұмыста екендігін атап өтті. Э.Т.Карасаева  екінші санатты басшының орынбасары, Д.Нүрпейісова  атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, инновациялық үдерістегі өзгерістер сипатына тоқтала келе, мектепте жүзеге асырылып отырған «5+5» жобасы бойынша тәжірибесімен бөлісті. Жоба аясында мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін шыңдау мен бірлескен жұмыс ортасын дамыту арқылы сапалы білімге қол жеткізуге бағдарланған іс-шараларына тоқталып, мектеп тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға қатысушылар  спикерлердің мектептегі инновациялық қызметтегі тиімді тәжірибелеріне, жаңашыл идеяларына жоғары баға берді. Осындай тәжірибе алмасу алаңдары жас буын орынбасарлардың мектептегі әдістемелік жұмыстарды дамыту арқылы, сапалы білім беру ортасын құруда жолында тәжірибе жинақтауларына, дер кезінде кәсіби қолдауға ие болуларына  мүмкіндік  берері сөзссіз.