2021жылдың 6 сәуір күні Құрманғазы ауданы білім бөлімінің  «Табысты  мектеп. Тиімді тәжірибе» жобасы аясында «Мектепті басқарудағы  ынтымақтасқан орта- сапалы  білім беруге жасалған  қадам» тақырыбында ауданаралық семинар өтті.

Ауданаралық семинарға  Құрманғазы және Исатай ауданы  білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен білім беру ұйымы басшылары қатысты. 

Семинар жұмысының мақсаты білім беру ұйымы басшыларының басқару  ісінде ынтымақтасқан ортаны  дамыту жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу, тиімді тәжірибені насихаттау.

Семинар барысында сөз  алған спикерлер:

  1. Құрманғазы ауданы, М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Толкын Кадырбаевна Ажгалиева    «Ынтымақтасқан ортадағы  білім беруді басқаруды цифрландыру»
  2. Құрманғазы ауданы, Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің директоры Шынар Суиндиковна Исатаева «Мектепішілік бақылаудағы педагогикалық  талдау мен түзету  жұмыстары»
  3. Құрманғазы ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Жамал Адебиетовна Хасанова  «Мектептегі  резерв  кадрларды  дайындау жолдары»
  4. Исатай ауданы, Исатай жалпы орта мектебінің директоры Айгул Уахитовна Адилова «Заманауи мектептің келбетін қалыптастырудағы ынтымақты ортаның рөлі»
  5. Исатай ауданы, Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектебінің директоры Парух Ғатауұлы Қабиев «Табысты мектеп-жарқын болашағымыздың келбеті»
  6. Исатай ауданы, Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің директоры Айсулу Қалимоллақызы Сатқалиева «Заманауи басшы-табысты мектеп көшбасшысы» тақырыптарында басқару ісіндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Аудуанаралық семинар жұмысының негізгі түйіні:

  1. Мектепті басқарудағы еркіндік және шынайылылық,
  2. Басқару нысанын ұйымдастыруда ынтымақтастық пен ұйымшылдық.
  3. Мектепті басқаруды цифрландыру: уақытты тиімді пайдалану, ресурстардың қолжетімділігі.
  4. Мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуына жол ашу.

Мектеп басшылары Табиля Игибаевна, Арайлым Жасеновна,  Исатай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі  Шолпан Гарифуллаевна кері байланыс орнатып, спикерлердің  тәжірибелеріндегі ерекшеліктерді атап, ұсыныстарын жеткізді.Семинарға қатысушылар  Google forms арқылы қорытынды пікірлерін білдірді.