«Табысты мектеп. Тиімді тәжірибе» жобасы аясында Құрманғазы және Индер ауданы білім беру ұйымы басшыларының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары басқосты.

Нәтижеге бағытталған мектеп жұмысының тиімділігін жетілдіруде көшбасшы синергиясын дамытудағы табысты тәжірибелермен танысу мақсатындағы семинарда екі ауданнан сөз алған спикерлер:

  • Канатова Зирагул Ерталиевна- Құрманғазы ауданы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеп директоры «Білім сапасын жетілдіру жолындағы мектепішілік зерттеу аспектілері» тақырыбында мектептегі зерттеудің сандық, сапалық зерттеу құралдары: деректер триангуляциясы, зерттеушілер триангуляциясы, зерттеу әдісінің триангуляцияларына тоқталып, алынған деректердің сапалы болу шарттары бойынша тәжірибесімен бөлісті.
  • Усиева Мерует Тілепқалиқызы - Индер ауданы, Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары «Тиімді көсшбасшылық-мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі» тақырыбында жетекші мектеп көшбасшылығы, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын дамыту тәжірибесі жайында ой бөлісті.
  • Утегенова Бахытгул Таганкожаевна- Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, табысты мұғалім тәжірибесін зерттеуден таратуға дейінгі қадамдарға тоқталып, мұғалімнің кәсіби даму картасы, жалпы дағдылар мен икемді дағдылар арқылы жас маманға қолдау тәжірибесімен бөлісе отырып, мұғалімнің кәсіби даму моделін ұсынды. 
  • Науанова Жания Жақауқызы- Индер ауданы, М.Сиранов атындағы орта мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары «Стратегиялық даму моделі-мектептегі көшбасшылық» тақырыбында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру кезеңдеріне тоқталып, педагогикалық кеңесті ұйымдастырудағы «Педагогикалық айкидо» тәжірибесін ортаға салды.

Кері байланыс «Пирамида» әдісі: Индер ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлайым Жалғасқызы Бахытгул Таганкожаевна мен  Зирагул Ерталиевнаның  үлгі аларлық тәжірибелерін атап өтіп, Мерует Тілепқалиқызы мен Жания Жақауқызының жұмыстарына сәттілік тіледі. Индерлік әріптесіміз М.Тулепова, М.Махметова, Құрманғазы ауданынан сөйлеген П.Зинуллина семинар жұмысын жинақ түрінде шығаруды, әріптестерінің тәжірибелерін таратуды ұсынды. Онлайн ауланаралық семинар жұмысының модераторы Құрманғазы ауданы білім бөлімінің  әдістемелік кабинет меңгерушісі Тоты Мендіханқызы жұмысты қорытындылап, ұсыныстардың  жүзеге асырылатынын жеткізді.