«Үздік педагог – 2021» республикалық конкурсының І кезеңі

(аудандық)

 

         «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 19 сәуір мен 30 сәуір аралығында «Үздік педагог – 2021»  республикалық конкурсының І кезеңі (аудандық) өткізілетіні туралы хабарлайды.

         Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
  • Білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;
  • Жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  • Білім беру ұйымының комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орысы тілдерінде ұсыныс;
  • Электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;
  • Оқыту тіліндегі портфолио (педагогтың партфолиосының құрылымы осы қағидалардағы 2 қосымшада келтірідген);
  • Эссе, эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды;
  • Техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик (қағиданың 2 қосымшада келтірілген);

Конкурстық материалдың толық құжаттар пакеті 2021 жылғы 28 сәуірге дейін ұсынылады.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы С.Көшекбаев көшесі, 25 үй, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 8(71233) 2-15-39.

 

 

Мақала авторы: Қайыров

Тілеген Төлепұлы