Құрманғазы аудандық білім бөліміне қарасты 1 мектеп интернаты, 32 орта мектеп, 22 мектепке дейінгі ұйымдар бар.

 

Аудан көлеміндегі мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар асхана жүйесімен қамтылған. Оның ішінде 25 мектепте типтік үлгідегі асхана, 8 мектепте ыңғайластырылған асханалар.

 

Мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда ыстық тамақтың берілуі «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына, «Мектепке дейінгі ұйымдар,а және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда.

 

Білім беру ұйымдарында интернет ресурс арқылы білім алушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру мақсатында көрсетілетін қызмет берушіні таңдау конкурсы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына сай өткізіліп, анықталған жеңімпаз жеке кәсіпкерлермен келісім шарт жасақталды.

 

Білім бөліміне қарасты 32 мектептің ішінен 28 мектептің асханасын 7 жеке кәсіпкер жалға алып білім алушыларға ыстық тамақ ұйымдастырып отырса, ал 4 мектепте (Уалиханов н/м, Азғыр н/м, Қоңыртерек б/м, Батырбек б/м) мектеп директорлары аспазшы арқылы оқушыларға ыстық тамақтың берілуін ұйымдастырып, жүзеге асыруда.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Уалиханов, Азғыр негізгі мектептері, Қоңыртерек, Батырбек бастауыш мектептері оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға жеңімпаз жеке кәсіпкерлерді анықтау мақсатында конкурс өткізілетіні жөнінде интернет ресурсына хабарландыру жариялады, күні бүгінгі дейін ниет білдіруші кәсіпкерлер түскен жоқ.

 

Білім беру ұйымдарына шикізат, азық-түліктерді тасымалдаушы жеке кәсіпкерлерге ветеринариялық дәрігердің берген шикізаттан жасалған немесе ет өнімдеріне алған ветеринариялық – санитариялық сараптаудан өткен анықтамалары, «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидасына сәйкес Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар.

 

2019-2020 оқу жылында 32 мектепте барлығы 10135 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылып отыр. Оның ішінде 1-4 сыныптарта оқитын барлығы 4706 оқушы және 5-11 сыныптардан әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасынан шыққан 869 оқушы, барлығы 5575 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр (2018-2019 оқу жылы 5234 оқушы).

 

Аз қамтылған отбасындағы оқушыларға бір мезгіл тегін тамақтану ақшасы 300-350 теңге.

 

Ал мектеп интернатында білім алушыларға 5 мезгіл тамақ ұйымдастырылады.

 

Ыстық тамақтың берілуі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

 

Білім беру ұйымдарында оқу жылының басында бұйрықпен жауапты мамандар тағайындалып, жылдық жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.

 

Тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімі анықталып, бұйрықпен бекітіледі. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруға жауапты, сынып жетекшілердің, педагогтердің оқушыларды асхана бөлмесіне алып жүруін қамтамасыз етеді.

 

Аспазшы, мектеп медбикесі күн сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын алуды жүзеге асырады.

 

Мектептерде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақ тағамтану академиясының және Ұлттық салауатты тағамтану орталығының «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттар» жалпы білім беретін ұйымдарда мектеп оқушыларының тағамын ұйымдастыруға арналған 4 апталық ас мәзірінің әдістемелік ұсыныстарын басшылыққа алып, маусымдық ас мәзірі бекітілген.

 

Маусымдық ас мәзіріне сәйкес 1 күндік ас мәзірі бекітіліп, асханада қолжетімді орында ілінеді.

 

Мектептерде «Оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөнінде комиссия» құрылып, айына екі рет оқушыларды тамақтандырудың сапасын зерделейді. Комиссия құрамына мектеп басшысы, медбике, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитетінің төрайымдары енгізілді. Комиссия құрамы мектепке жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізіп, мектеп бойынша «Мектептік тамақтандыру» айдарына жариялады.

 

Мектеп асханаларын талапқа сай жабдықтау мақсатында құрал-жабдықтарын, ыдыс-аяқтарын алуға 2018-2019 оқу жылында 1 мектеп интернатына 3 млн қаражат бөлініп игерілсе, ағымдағы жылы 4 мектеп жанындағы интернатқа 1 млн 17 мың 800 теңге қаражат қаралып, игеруге тапсырмалар берілді. 2020 жылдың алдағы кезеңдеріне бюджеттік комиссияға 30 млн теңгеге бюджеттік өтінім дайындалды.

 

Барлық мектептерде оқушылар екінші, төртінші сабақтан кейін үзілісте тамақтанады.

 

Асханаларда қол гигиенасын, тәртіп ережелерін сақтау көрнекілік ақпарат құралдары жасақталған. Білім беру ұйымдарында күнделікті тамақ пен ас мәзірін дайындау және оның берілуін қадағалау мектеп медбикесі мен мектеп әкімшілігінен әлеуметтік педагог жауапты болып бекітілген.

 

Білім беру мекемелеріндегі білім алушыларды тамақтандыру қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, зерделеу мақсатында аудандық сараптама топ құрылып, тамақтану сапасына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу тобының құрамында «Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының консультанты, білім бөлімінің қызметкерлері, аудандық ата-аналар қоғамдық комитетінің төрайымы, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаттары бар.