Құрманғазы ауданы бойынша 2020 жылғы 20 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс шарасы аясында білім беру мекемелерінде «Мектептік тамақтандыру» айдары ашылып, тамақтану сапасын бақылау бойынша іс шаралар атқарылып, білім беру мекемелерінің интернет ресурстарына жарияланды. Білім алушыларды сапалы тамақтандыру мақсатында тамақтану сапасын бақылау бойынша сараптамалық топтар құрылып, мектеп асханасына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық білім бөлімі өкілдерімен, Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлескен түрде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру, кемшіліктерді жібермеу мақсатында семинар кеңестер өткізілді.