Қосымша білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты  вебинар өтті.

 

2021 жылдың 17 мамыры күні Құрманғазы ауданы білім беру бөліміне қарасты қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен ондағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар үшін  «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығы негізіндегі  мемлекеттік қызметтер көрсетуді  ұйымдастыру мәселелері туралы вебинар ZOOM  бағдарламасында онлайн өтті. Бұл вебинарда ақпараттық-түсіндірме жұмыстары  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстардың жүйесі нақтыланды. Вебинар барысында қатысушылар мекемедегі мемлекеттік қызметтер көрсету  процесін жетілдіруді жүзеге асыру мәселелері бойынша сауалдарына жауаптар алды.