Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімі «ИНТЕГРО кешенді ақпараттық жүйелері» ЖШС-нің қызметкерлерімен бірлескен түрде 2021 жылғы 21 мамыр күні М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Атырау облысының мемлекеттік қызметтер порталымен» жұмыс жасау бойынша білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.

 

«ИНТЕГРО кешенді ақпараттық жүйелері» ЖШС-нің қызметкерлері Асанова Гүлназ Асанқызы мен Шаймарданов Асхат Асылбекұлы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде автоматтандыру бойынша Атырау облысының мемлекеттік қызметтер порталы «e-qyzmetter.kz», «arm.e-qyzmetter.kz» ақпараттық жүйелері жасақталғанын айтып өтті.

 

Сонымен қатар, аудан тұрғындары «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну», «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтініштерді мектеп директорына «e-qyzmetter.kz» ақпараттық жүйесі арқылы электронды нұсқада жолдауға болатынын түсіндірді.

 

Білім беру мекемелеріне «e-qyzmetter.kz» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түскен өтініштерді қызмет беруші «arm.e-qyzmetter.kz» ақпараттық жүйесі арқылы қабылдау, орындау жұмыстарына түсінік берді.