Ата-ана -бала тәрбиесінің айнасы. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше. Ата –ана –бізге өмір сыйлаған, отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.

Аудан мектептері бойынша облыстық білім беру басқармасының жоспарына сай  тәрбие саласында қазақ  ұлдары мен қыздарының тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында әр жыл сайын ұлдар жобасы, қыздар жобасы өткізіліп, қорытындысы негізінде ауданның білім беру ұйымдароында өткізілген шаралар оң нәтижесін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып келеді. Әр жыл сайын өткізілетін жоба және түрлі танымдық шаралар бойынша алдыңғы лекте көрінгенімізбен, аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 2 оқушымыздың , 11 жайсыз отбасы ішкі істер органында тіркеліп тұруы ойымызды  елең еткізбей қоймайтыны белгілі. Осы бағытта атқарылуға тиісті жоспарлы жұмыстарды сралау барысында  биылғы 2020 жылда осы ұл мен қызға  тәрбие беріп отырған бүгінгі қоғамдағы ата-аналарымыздың рөлі, мақсаты қандай, қандай нәтижелерге қол жеткізуімізге болады деген сауал аясында аудандық білім бөлімінің  жоспарына сай «Ата –ана –өз ұрпағының айнасы» тақырыбында жоба бастама алды.

Жобаның бастапқы жұмысы білім бөлімінің басшысы  Гульфара Өтемісқызының бастамасымен  аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Ұлмекен Қибатоллақызы және бір топ  ардагер ұстаздар аудан мектептеріндегі ата-аналармен кездесу өткізіп, ата-аналармен сұхбат жүргізіп, түйткілді ойларымен бөлісіп,  айтар ұсыныстары бойынша қоғамда болып жатырған түрлі келеңсіз жағдайлардан ұрпағымызды қалай азат етеміз деген  жағдаяттарды бірлесе шешуге деген үн қосылды.

 Бас қосу барысында барлық ата-аналарға қоғамдағы келелі мәселелер бойынша  терең мағлұматтар беріп, түсінік жұмыстары жүргізілді.