Атырау облысы Құрманғазы ауданы бойынша
«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында
білім беру мекемелеріндегі балаларды тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
өткізілген іс шаралардың хабарламасы
Құрманғазы ауданы бойынша білім беру мекемелеріндегі балаларды тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық ауылдық округтерде 19 қаңтар – 29 қаңтар аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында 2021 жылға арналған іс-шара жоспары жасақталып, жүзеге асырылды.
Акцияға мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамы, қоғамдық ұйымдар, жергілік полиция қызметтерінің өкілдері қатысты.
Балаларды мектепке тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік құралдарының (автобус) жағдайын және жүргізушілердің сапалы құрамына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Шалғай елді мекендерден мектепке келіп оқитын оқушы саны барлығы 708. Оның ішінде күнбе-күнгі тасымалмен қамтылып отырған 14 мектептегі кезекші сыныптардан 268 оқушы.
Автокөлікте жүру уақыты көрсетілген кесте жасақталып ілінген. Автокөлік жүргізушісінің құжаттары бар, медициналық кітапшасын уақытында толтырып отырады. Автокөліктердің рұқсат құжаттары да бар, техникалық байқаудан уақытылы өткізіліп отыр. Автокөліктерде дыбыс сигналдары, «Балалар» жазу белгісі, жарық түсіргіш шамшырақтар орнатылған. Мектепке кірме жолдарында «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісі, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер бар. Тасымалданатын оқушылардың тасымалдау кезіндегі өмір қауіпсіздігін бақылау мақсатында мектеп қызметкерлерімен кезекшілік кестесі жасақталған. Автобус ішіндегі тәртіпті, оқушыларды бақылайтын мектептен қызметкер тағайындалды. Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасарлары, жүргізушілері оқушыларды тасымалдауға шығар алдында мектептің автобусын күнделікті техникалық жағдайына тексеру жүргізеді.
Іс шаралар ұйымдастыру барысында:
-жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралардың таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары, сынып сағаттары, флешмоб, суреттер байқауы;
-жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін орындау мәселелері бойынша сауалнама, дәрістер, ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Аудан бойынша ауылдық округтерде өткізілген іс шаралар Құрманғазы аудандық білім бөлімі, Мұхтар Әуезов Мектебі, Дина Нұрпейісова мектебі, Әбу Сәрсенбаев мектебі, Қадыр Мырза Әли, Ыбырай Алтынсарин мектебі, С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі, Мектеп Еңбекші, Манаев мектебі, Ғ.Мүсірепов Тәрбие Саласы, Ақкөл мектептерінің Facebook әлеуметтік желілерінде, сайттарында жарияланды.