«Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде 2021жылдың 22-23 қараша аралығында аталмыш курс бойынша «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ, Алматы қаласы ПШО-ның тренері А.Х.Алимов ауданымыздың 7 мектебі: Абай атындағы, М.В.Ломоносов атындағы, Нұржау, Ф.Оңғарсынова атындағы, Ақкөл, Еңбекші, Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектептеріндегі мектеп командасының  жұмыстарымен танысты. 

Екі күндік жұмыста мектеп директорлары Т.Ажгалиева, Г.Кенжегалиева, Ш.Исатаева, мектеп директорының м.а. Ж.Хасанова, К.Ермуханова, Р.Жаксылихова бұрын соңды болмаған жаңа бастама, мектеп командаларының жұмыстарымен таныстырды. Тренер мектеп тәжірибесіндегі жаңа бастаманың көшбасшыларына мотивациялық қолдау білдіре отырып, Абай атындағы және М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектептерінде математика сабақтарына қатысып, мұғалімдерге ұтымды кері байланыс берді.

Екі апта бұрын аталмыш мектептерден құрылған топ  «Мектеп командалары: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбында курстан өткен болатын.

Тәжірибеге толы екі күнде ұстаздарымыз тренер тарапынан шынайы әріптестік қолдау тапты. Жұмыс жалғасуда...