Аудан ұстаздары педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, тренер А.Х.Алимовпен кәсіби сұхбатта пікір алмасты Сұхбат барысында ұстаздарымыз өз тәжірибелерінде қолданып жүрген интербелсенді әдістер жайында ой бөлісе отырып, сыныптағы көшбасшылықты дамыту бағытында кеңестер алды. Зерттеу сабақтарын өткізудегі ерекшеліктер жайында тренер пікірін тыңдады. Табысты сабақ сырларымен бөліскен педагог-ғалым мұғалімнің ең басты міндеттерінің бірі оқу мен үйренуге қолайлы орта қалыптастыру арқылы оқушыларды өздігімен жұмыс жасауға үйретуде екендігін атап өтті. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген К.Ушинскийдің сөзі бүгінгі күнде өзінің өзектілігін жоймағанын да атап өтті. Мектеп оқушыларына ұстаздық тілегін жазып қалдырды. Сәті түскен сұхбат соңында аудан ұстаздары  автордан қолтаңба  алды.