Қашықтықтан оқыту басталғалы білім беру саласында көптеген өзгерістер орын алып, мұғалімдер күтпеген қиындықтарға тап болды. Мәселені шешу үшін педагогтер ғаламтордағы ақпарат көздерін қарастырды, сонымен қатар аудандарда, облыстарда, республикаларда, тіпті халықаралық деңгейдегі онлайн вебинарларға, сайыстарға қатысып, әріптестермен тәжірибе алмасты. Мұндай жұмыстар Құрманғазы ауданы білім бөлімі тарапынан да қалыс қалмады. Осындай шараларға педагогтерді қатыстыруда бір мақсат, бір мүдде болды. Бұл - алдымыздағы білім алушыларымызға сапалы білім беру, саналы тәрбиелеу, білім берудің тиімді жолын табу болды. Соның бір жолы педагогикалық тәжірибеде пәнді оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың үлкен маңызы болды.

Құрманғазы аудандық білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес педагогтердің озат тәжірибелерін тарату мақсатында мұғалімдерге түрлі әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары жүзеге асырылуда.              Осындай АҚТ құзіреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтердің бірі Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог Бахтыгереева Жанар Меңдіханқызы.

Бұл педагогтың «Педагогикалық тәжірибеде ағылшын тілін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың үлесі» туралы тәжірибесіне тоқталып кеткім келеді.

Жұмысының шығармашылық тақырыбы: «Сандық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сауаттылығын дамыту». Технологияның сыныпқа қаншалықты кіріктірілгеніне қарамастан, цифрлық оқыту білім беруде шешуші рөл атқара бастады. Бұл оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту арқылы күш-қуат береді. Міне, цифрлық оқыту дәстүрлі білім беру әдістерінен бір саты жоғары. ЦББР оқыту құралдары мен технологиясын қолдана отырып,  оқушыларының өзін-өзі басқарудың тиімді дағдыларын дамытуға мүмкіндік бере алды. Ал, білім алушылар өз тараптарынан нені үйрену керек екенін анықтай отырып, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, мәселе бойынша ақпаратты қолдана алады, тіпті нәтижелі кері байланысты бере алады. Бұл оқытудың тиімділігі мен өнімділігін арттырады. Цифрлық білім беру ресурстарын сабақта қолдану арқылы тек пәнге қызықтыру емес, цифрлық оқыту құралдары мен технологиясы аналитикалық пайымдауды дамытуға негіз болатын сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын шыңдайды. Ашық сұрақтарды қиял мен логикамен зерттейтін балалар оқулықты уақытша жаттап алудан гөрі, шешім қабылдауды үйренеді. Қашықтықтан оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында педагог оқулықтағы жаттығуларды интерактивті жұмыс парақтарына айналдыруды жөн санады, яғни оқушылар оқулықтағы жаттығуларды интерактивті бетте орындауға мүмкіндік алады. Тапсырмалар заманауи Word wall, google forms, google maps, Quizlet, goformative платформалар, Immersive reader және т.б платформаларына айналдырылды. Сабақта Интерактивті жұмыс парақтары және Word қабырғасы сияқты кейбір сандық ресурстарды пайдалану арқылы балалар топта және жекелей бірлесіп жұмыс істеуді және табысты жұмыс істеуді үйренеді. Бұл әдетте геймификация әдісі арқылы жасалады. Бұл платформалар интерактивті оқытудың тамаша ерекшелігі болып табылады. Өйткені ол топта ойнайтын балаларды ойында жеңіске жетуге немесе өз мақсаттарына жету үшін бір-бірін тыңдауға және сенуге үйренді. Олар сондай-ақ өмірдің барлық аспектілерінде өте маңызды дағдылар болып табылатын ынтымақтастық пен командалық жұмысты дамытады. Сондай-ақ тақырыптар бойынша бейне сабақтар жасап, YouTube каналына орналастырды. Тіл үйренуші оқушылар бейнені YouTube-тен көре алады және сол арнаның сипаттама бөліміндегі сілтемелер бойынша тапсырмалырды онлайнда орындай алады. Бұл бейне сабақты көрген кез келген тіл үйренушіге қолжетімді және әрбір орындалған тапсырма оқушыларға немесе тіл үйренушілер мұғалімдеріне кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланатын сабақтар тек алынған білімді кеңейтіп, бекітіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін айтарлықтай арттырады, оқу қызықты әрі тартымды болады деп ойлаймын. Цифрлық оқыту ресурстарын сабақта пайдалану оқу үдерісін даралауға және саралауға, білім сапасының деңгейін арттыруға және сабақта уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Құрманғазы аудандық білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес педагогтердің озат тәжірибелерін тарату мақсатында              Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші Бахтыгереева Жанардың тәжірибесі зерттеліп, жинақталды және  төмендегідей жетістіктері негізге алынды:

1.Республикалық «Үздік педагог - 2020» байқауының аудандық кезеңінің  

   жеңімпазы;

2.Республикалық «Үздік ағылшын тілі бейнесабағы» байқауы – III орын, 2020

   жыл;

3.Халықаралық«British council» орталығы ұйымдастырған конференцияда

   «Сабақ үдерісін тиімді жоспарлау» тақырыбында жұмысын қорғап,  

    Сертификат иеленді;

4.Облыстық  «Үздік ағылшын тілі сабағы» байқауы - III орын, 2020 жыл

5.Облыстық «Цифрлық білім беру ресурстарын сабақта қолдану тәжірибемнен»   

   тақырыбындағы байқаудың сабақ контенті бойынша - Алғыс хат, 2021 жыл;

  1. Республикалық «Экология және Жердің болашағы» тақырыбындағы үш

    тілдегі эссе байқауында оқушысы Сағынбаева Еркеназ - II орын, 2021 жыл;

7.Құрманғазы аудандық Білім бөлімі Тамыз секциялық кеңесінде «Педагогикалық тәжірибеде ағылшын тілін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың үлесі» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.

8.Педагог 2014 жылдан бері «Ағылшын тілі» республикалық – әдістемелік басылымына мақала жариялап келеді.

9.Педагог жеке You Tube каналын ашып, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана өткізген сабақтарымен, тәжірибелерімен бөлісіп отыр.

Жоғарыда аталған еңбектері нәтижесінде Құрманғазы ауданы білім бөлімі басшысының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №764 бұйрығымен педагогтың іс – тәжірибесі аудан көлемінде таратылды.

 

Жұманова Ғалия Сайхолқызы

Құрманғазы ауданы білім бөлімі әдіскері